Біздің балабақшаның инновациялық іс-әрекеті
«Өткеніміз өнеге, күткеніміз келешек» дегендей Алматы қаласы Алатау ауданындағы «№177 бөбекжай-балабақшасы» жас ұрпақтың жүрегіне ыстық сағыныш ұялатып, білім мен тәрбие нұрын таратумен келе жатыр. «Тәрбие-тал бесіктен» басталар болса, осынау жас жеткіншектерге тәрбие беріп отырған балабақша өмірінің бүгінгі қоғамдағы орны ерекше.
«Даңқым шықсын десеңіз, көпшіліктің адамы болыңыз» - деген даналық сөздің нағыз тәрбиеге бастау алатын құнды пікір екені дәлел. «Тәрбие-тал бесіктен» басталар болса, осынау жас жеткіншектерге тәрбие беріп отырған балабақша өмірінің бүгінгі қоғамдағы орны ерекше. Қазіргі өмірдің өрінен туындап отырған талаптарды орындау, жаналыққа жаршы болу, үзіліссіз білім мен тәрбие бергенде ғана білімді ұрпақты тәрбиелеп шығамыз.