ГККП "Ясли-сад №177". Алатауский район http://177.almatybala.kz/ ru ГККП "Ясли-сад №177". Алатауский район DataLife Engine Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ата-аналарға арналған Жадынама Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ата-аналарға арналған http://177.almatybala.kz/konsultacijaly-punkt/598-balalardy-aupszdgn-amtamasyz-etu-bojynsha-ata-analara-arnalan-zhadynama-balalardy-aupszdgn-amtamasyz-etu-bojynsha-ata-analara-arnalan.html http://177.almatybala.kz/konsultacijaly-punkt/598-balalardy-aupszdgn-amtamasyz-etu-bojynsha-ata-analara-arnalan-zhadynama-balalardy-aupszdgn-amtamasyz-etu-bojynsha-ata-analara-arnalan.html Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша
ата-аналарға арналған ЖАДЫНАМА]]>
Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша
ата-аналарға арналған ЖАДЫНАМА
Құрметті ата-аналар!
Жедел қызметтердің деректері бойынша мектеп жасына дейінгі балалардың жарақаттануы және қаза болуы көбінесе өрт шығу, жол жүру ережелерінің бұзылуы, өзен-көлдерде шомылу, жұқа мұзда конькимен сырғанау, ойын кезінде орын алады. Қауіп табиғи апаттардан, уландырғыш заттардан, бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасаудан және т.б. туындайды.
Балалардың кешенді қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ата-аналар мен мектепке дейінгі ұйымдардың негізгі міндеті.
Күнделікті өмірде балаларды қауіпсіздік дағдыларына үйрету қажет:
- баламен әңгімелесіңіз, өмірді сақтауға көмектесетін ережелерді түсіндіріңіз;
- балаларға тұрмыста, көшеде және жолда өзі-өзі дұрыс ұстауға үйретуде үлгі көрсетіңіз;
- мектепке дейінгі ұйыммен байланыста болыңыз: топ тәрбиешілерінің, әдіскердің, мектепке дейінгі ұйым басшысының байланыс телефондарын жазып алыңыз;
- баланың күні бойы қай жерде жүргенін білу қажет: бала тәулігіне 24 сағат ата-аналардың бақылауында, қамқорлығы мен назарында болуы тиіс;
- балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмаңыз, балалардың уақыты немен өтетінін бақылаңыз;
- балаға бейтаныс адамдармен сөйлесуге рұқсат бермеңіз;
- өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтаңыз, тұрмыстық құралдардың, оның ішінде электр жылытқыштардың, басқа да электр жабдықтарының, пештің дұрыс жұмыс істеуін және пайдаланылуын қадағалаңыз;
- көлік жүретін жолға назар аудара отырып, мектепке дейінгі ұйымға дейінгі ең қауіпсіз маршрутты таңдаңыз;
- балаларды жолда жүру ережелеріне үйретіңіз, оларды жолда және қоғамдық көлікте мұқият болуға үйретіңіз;
- қылмыстық жағдайға жол бермеу үшін балаға бағалы заттарды (ұялы телефон, қомақты ақша, зергерлік бұйымдар және т. б.) және мектепке дейінгі ұйымға тамақ апаруға рұқсат бермеңіз;
- балалардың қалталарын, иық сөмкелерін тексеріңіз, балалардың киімінде түйреуіштер болмауы тиіс;
- балалармен ойын немесе спорт алаңдарында болғанда, қауіпсіздік талаптарын сақтаңыз;
- мектепке дейінгі ересек жастағы балалар үйдің мекенжайын, телефонын, ата-анасының аты-жөнін білуі тиіс;
- төтенше жағдайларда 101 – өртке қарсы қызмет, 102 – полиция, 103 – жедел көмек, 104 – газ қызметі телефондарына хабарласыңыз.

]]>
admin Fri, 13 Jun 2025 10:08:15 +0600
Алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша нұсқаулар http://177.almatybala.kz/konsultacijaly-punkt/597-alashy-medicinaly-kmek-krsetu-bojynsha-nsaular.html http://177.almatybala.kz/konsultacijaly-punkt/597-alashy-medicinaly-kmek-krsetu-bojynsha-nsaular.html Алғашқы медициналық көмек оқыс оқиға болған орында зардап шеккен немесе күрт науқастанған адамға "жедел жәрдем" келгенге дейін алғашқы медициналық ем шараларын жасауды қарастырады. Алғашқы медициналық көмек жәбірленуші қандай жарақат алуына қарай көрсетіледі.
Қан кету кезінде
Артериялық қан кету кезінде қан алқызыл түсті болады. Артериялық қан кету ең қауіпті жағдайдың бірі. Себбебі адам аз уақыт ішінде көп қан жоғалтуы және бұл өлімге әкелуі мүмкін. Тез арада қан кетуді тоқтату шараларын қабылдау керек.
Артериалық қан кету кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету барысында мыналарды орындау қажет:
• жарақаттан сәл жоғары тұстағы тамырды үлкен саусақпен басу арқылы қанды тоқтатуға немесе қан ағуын баяулатуға тырысу керек;
• резеңке немесе қолдан жасалған кез келген бұраумен (мысалы, белдік, арқан және басқа) жараның жоғарғы жағындағы артерияны байлау керек, бұл қан жоғалтуды төмендетеді;
• бұрау қай уақытта салынған жазып қою;
Жүрек қағысы естілмеген болса, онда қолдан дем алдыру барысында жүрек тұсына массаж жасау керек. Бес рет тікелей емес массаж жасап, аузына ауызбен ауа жіберу қажет.
Алғашқы медициналық көмек ережелері
Алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде төрт негізгі ережені сақтау керек. Бұл оқиға орнын тексеру, жәбірленушіні тексеру, жедел жәрдем шақыру және жәбірленушіні қайта тексеру. Алғашқы медициналық көмек әдетте оқиға орын алғаннан кейінгі алғашқы сәттерде жасалады.
Оқиға орнын тексеру. Жәбірленушінің, айналадағы адамдардың өміріне не қауіп төндіруі мүмкін екенін тексеру керек. Мысалы, ашық жатқан электр сымдары, қирандылардың құлауы, түтін немесе терең су сынды факторлар. Егер сіздің өміріңізге қауіп төнуі мүмкін болса, онда жедел жәрдем шақырып, көмек көрсетуді мамандарға қалдыру керек. Зардап шеккен адамды сабырға шақыруға тырысыңыз.
Жәбірленушіні тексеру. Тыныс алу және жүрек-қантамыр жүйесінің жай-күйін тексеру керек. Егер науқас ес-түссіз жатса, оның тірі екеніне көз жеткізу қажет. Ол тыныс алған кезде кеуде тұсы қозғалады. Сондықтан алақанды науқастың кеуде тұсына қойып, оның қозғалысын бақылау қажет. Егер ол тыныс алмай жатса, оны қолдан дем алдыру керек.
Егер тыныс алмай жатса, тамыр соғысын тексеру керек. Ол үшін мойындағы ұйқы күретамырын саусақпен басу қажет. Тамыр соғысы әлсіз болса, жүрек соғуын анықтау қиын болады. Мұндай жағдайда саусақпен мойынның шет жағындағы теріні басып тұру керек. Жүрек соғуы байқалмаса, жүрекке тікелей емес массаж жасап, қолдан дем алдыру керек.
ссаж жасап, қолдан дем алдыру керек.
Жәбірленушіге уақытылы алғашқы медициналық көмек көрсету өте маңызды. Ол үшін:
• Зардап шегушіні тез арада ғимараттан (бөлмеден) таза ауаға шығару керек. Егер бұл мүмкін болмаса, оған газдан қорғайтын
• аспап немесе оттегі жастықшасын кигізу керек;
• Тыныс алуын жеңілдетіп, тыныс алу жолдарын құсықтан, сілекейден босату керек, тар киімді шешіп, тілін жұтып қоюының алдын алу үшін бүйірімен жатқызу қажет;
• Тыныс алуын қалпына келтіру үшін мүсәтір спиртін иіскету керек. Ауа температурасы төмен болса, аяқ-қолын ысқылау қажет.
Зардап шеккен адамның жағдайы сіздің ойыңызша жақсы болғаннын күннің өзінде тез арада жедел жәрдем шақыру керек. Дер кезінде көрсетілген дәрігер көмегі кейіннен пайда болуы мүмкін асқынулардың алдын алады.
Жәбірленушінің жағдайы ауыр болса, өз бетіңізше оны қолдан дем алдырып, жүрек тұсыну массаж жасаңыз.
Тамақтан улану кезінде
Тамақтан улану кезінде көрсетілетін алғашқы көмек келесіні қамтиды:
Асқазанды шаю. Тамақтан уланған кезінде асқазаннан улы тағамды шығару қажет. Ол үшін сода ерітіндісін дайындау керек (1,5 - 2 литр қайнаған жылы суға 1 ас қасық соданы еріту). Ерітіндіден аздап ішіп, содан кейін көмекейге дейін екі саусақты салу арқылы құсу рефлексін тудырады. Осы әркетті бірнеше рет қайталаңыз.
Сорбенттерді қабылдау. Сорбенттерге токсиндерді белсенді сіңіріп, олардың қанға сіңуіне жол бермейтін дәрілер жатады. Ең танымал сорбент - белсендірілген көмір. Қабылданатын көмір дәрісінің саны адамның дене салмағына қарай есептеледі (дене салмағының 10 килограмына 1 дәрі есебімен). Қазіргі заманғы басқа да сорбенттердің қатарында Энтеросгель, Лактофильтрум, Смекта, Зостерин сынды препараттар бар. Оларды нұсқаулыққа сәйкес қабылдау керек.
Сұйықтықты көп ішіңіз. Құсу және диарея ағзадағы сұйықтықтың көп мөлшерін жоғалтуға ықпал етеді. Уланған жағдайда тәулігіне 2-3 литр қайнатылған су ішу керек. 1 литр суға 1 ас қасық ас тұзы есебімен суды тұздаған дұрыс. Сондай-ақ, "Регидрон" секілді арнайы регидратациялық тұз ерітінділерін қолдануға болады.
Күйік шалған кезде
Буға немесе суға күйіп қалу секілді жағдай тұрмыста жиі кездесіп жатады. Тұрмыстық жағдайдағы күйіктің салдары әдетте қатты ауыр болмайды және ол күйік шалудың І немесе ІІ деңгейінен аспайды. Әйтсе де бұл жағдайда да алғашқы медициналық көмек көрсету шараларын білген дұрыс:
• Тез арада күйік шалуға алып келген фактордың (су немесе бу) көзін жою керек;
• Зардап шеккен дене бөлігін ағын сумен салқындату;
• Ылғал таңғышпен жабу;
• Тыныштықты қамтамасыз ету.
Жарақатқа жақпамай, май, қаймақ және тағы басқа заттарды жағуға болмайды. Бұл жараға инфекция түсуіне алып келуі мүмкін. Сонымен қатар қатты күйік шалған жағдайда жабысып қалған киімді жұлып алуға, күлдіреген қабыршықтарды жаруға да тыйым салынады.
Химиялық хаттармен жұмыс істеу барысында тұрмыста жиі кездесетін химиялық күйік шалу кезінде де тері тіндері зақымдалады. Мұндай заттарға сірне қышқылы, құрамында сілті немесе ерітілмеген сутегінің асқын тотығы бар кейбір тазалау құралдары жатады. Бұл жағдайда мыналарды орындау керек:
• Зақымдалған тері аумағын ағынды салқын су астына қойып, 20 минут шаю керек;
• Химикаттарды бейтараптандыру керек. Алайда түрлі химикат түрлі әдіспен бейтараптанады. Қышқылмен күйген жағдайда зақымдалған жерге сода себу керек немесе сабынды сумен жуу керек. Сілтімен күйген кезде күйге аумақты сұйытылған сірне қышқылымен жуу қажет;
• Бейтараптандырудан кейін залалсыздандырылған таңғашпен немесе ылғалды шүберекпен жараны байлау керек.
Үсік шалған жағдайда
Үсік шалған жағдайдағы алғашқы көмек көрсету мына іс-шаралары қамтиды:
• Зардап шеккен адамды жылы бөлмеге кіргізу;
• Үсіп қалған аумақтағы сыртқы киімдер мен аяқ киімдерді абайлап шешу;
• Науқасты жатқызып, үстін жылы көрпемен жабу;
• Жылы сусын, ыстық шай, сүт, морс беру;
• Зақымдалған дене аумағына стерильді таңғыш қою;
• Егер дененің зардап шеккен жеріндегі сезімталдық қалпына келмеген болса, дереу дәрігерге шақыру керек.
Суға батқан жағдайда
Адам суға кеткенде ең алдымен оны тез арада судан шығарып, "жедел жәрдем" шақыру керек. Зардап шеккен адамды 6 минуттың ішінде судан шығарып алу маңызды. Одан соң мына әрекеттерді орындау қажет:
• Егер жәбірленуші есін біліп отырса, онда оны тыныштандырып, белгілі бір қашықтықты сақтау керек. Ол үрейленген жағдайда және өзін өзі қорғау мақсатында сізді де су астына тартып кетуі мүмкін;
• Суға кеткен адамды судан шығару барысында қолтық тұсынан ұстап, оның сізге арқасын беріп жатуын қадағалаңыз. Осылайша жағаға қарай жүзу ыңғайлы болады;
• Жәбірленушінің аузы мен мұрнын су мен балдырдан босату маңызды. Ол үшін зардап шеккен адамды ішімен төмен қарай тізеңізге жатқызып, басын төмен салбырату керек. Бұл судың жылдам шығуына көмектеседі. Осы кезде қабырғасы мен арқасын басу маңызды.
• Одан соң оны қолдан дем алдыру қажет. Ол үшін мұрнын жауып, аузына ауа үрлеу керек.
• Жүрек қағысы естілмеген болса, онда қолдан дем алдыру барысында жүрек тұсына массаж жасау керек. Бес рет тікелей емес массаж жасап, аузына ауызбен ауа жіберу қажет.
Алғашқы медициналық көмек ережелері
Алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде төрт негізгі ережені сақтау керек. Бұл оқиға орнын тексеру, жәбірленушіні тексеру, жедел жәрдем шақыру және жәбірленушіні қайта тексеру. Алғашқы медициналық көмек әдетте оқиға орын алғаннан кейінгі алғашқы сәттерде жасалады.
Оқиға орнын тексеру. Жәбірленушінің, айналадағы адамдардың өміріне не қауіп төндіруі мүмкін екенін тексеру керек. Мысалы, ашық жатқан электр сымдары, қирандылардың құлауы, түтін немесе терең су сынды факторлар. Егер сіздің өміріңізге қауіп төнуі мүмкін болса, онда жедел жәрдем шақырып, көмек көрсетуді мамандарға қалдыру керек. Зардап шеккен адамды сабырға шақыруға тырысыңыз.
Жәбірленушіні тексеру. Тыныс алу және жүрек-қантамыр жүйесінің жай-күйін тексеру керек. Егер науқас ес-түссіз жатса, оның тірі екеніне көз жеткізу қажет. Ол тыныс алған кезде кеуде тұсы қозғалады. Сондықтан алақанды науқастың кеуде тұсына қойып, оның қозғалысын бақылау қажет. Егер ол тыныс алмай жатса, оны қолдан дем алдыру керек.
Егер тыныс алмай жатса, тамыр соғысын тексеру керек. Ол үшін мойындағы ұйқы күретамырын саусақпен басу қажет. Тамыр соғысы әлсіз болса, жүрек соғуын анықтау қиын болады. Мұндай жағдайда саусақпен мойынның шет жағындағы теріні басып тұру керек. Жүрек соғуы байқалмаса, жүрекке тікелей емес массаж жасап, қолдан дем алдыру керек.
]]>
admin Fri, 13 Jun 2025 10:03:05 +0600
15 мамыр "Отбасы" күніне орай балабақшамызда ата-аналар арасында "Әкем және мен" тақырыбында спорттық сайыс ұйымдастырылды. http://177.almatybala.kz/main/595-15-mamyr-otbasy-knne-oraj-balabashamyzda-ata-analar-arasynda-kem-zhne-men-tayrybynda-sportty-sajys-jymdastyryldy.html http://177.almatybala.kz/main/595-15-mamyr-otbasy-knne-oraj-balabashamyzda-ata-analar-arasynda-kem-zhne-men-tayrybynda-sportty-sajys-jymdastyryldy.html ]]> ]]> admin Thu, 15 May 2025 10:54:33 +0600 "Аналар күні" мерекесі құтты болсын! http://177.almatybala.kz/o-detskom-sade/588-analar-kn-merekes-tty-bolsyn.html http://177.almatybala.kz/o-detskom-sade/588-analar-kn-merekes-tty-bolsyn.html admin Mon, 12 May 2025 09:19:12 +0600 "Аналар күні" мерекесі құтты болсын! http://177.almatybala.kz/main/596-analar-kn-merekes-tty-bolsyn.html http://177.almatybala.kz/main/596-analar-kn-merekes-tty-bolsyn.html admin Sun, 11 May 2025 10:56:00 +0600 Ересек “Балбөбек” тобының ата-анасы :Смагулова Гульнар Базархановна балбабақшаның ас-мәзірін бақылау үстінде http://177.almatybala.kz/o-detskom-sade/593-eresek-balbbek-tobyny-ata-anasy-smagulova-gulnar-bazarhanovna-balbabashany-as-mzrn-baylau-stnde.html http://177.almatybala.kz/o-detskom-sade/593-eresek-balbbek-tobyny-ata-anasy-smagulova-gulnar-bazarhanovna-balbabashany-as-mzrn-baylau-stnde.html admin Thu, 08 May 2025 09:26:04 +0600 Жеңіс күні — жеңіске жеткен күнің, Тоғызыншы мамырда атойлатып. Содан бері мереке жалғасуда, Ардагерді еске алып, ән ойнатып. http://177.almatybala.kz/o-detskom-sade/591-zhes-kn-zheske-zhetken-kn-toyzynshy-mamyrda-atojlatyp-sodan-ber-mereke-zhalasuda-ardagerd-eske-alyp-n-ojnatyp.html http://177.almatybala.kz/o-detskom-sade/591-zhes-kn-zheske-zhetken-kn-toyzynshy-mamyrda-atojlatyp-sodan-ber-mereke-zhalasuda-ardagerd-eske-alyp-n-ojnatyp.html admin Wed, 07 May 2025 09:22:56 +0600 Сіздерді 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! http://177.almatybala.kz/o-detskom-sade/587-szderd-7-mamyr-otan-oraushylar-kn-merekesmen-shyn-zhrekten-ttytajmyz.html http://177.almatybala.kz/o-detskom-sade/587-szderd-7-mamyr-otan-oraushylar-kn-merekesmen-shyn-zhrekten-ttytajmyz.html admin Tue, 06 May 2025 13:21:58 +0600 Сіздерді 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Аға ұрпақ пен жас буынның Отанымызды қорғап, қызметте айтулы үлес қосқанын біз әрқашанда мақтан тұтамыз. Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге та http://177.almatybala.kz/o-detskom-sade/590-szderd-7-mamyr-otan-oraushylar-kn-merekesmen-shyn-zhrekten-ttytajmyz-aa-rpa-pen-zhas-buynny-otanymyzdy-orap-yzmette-ajtuly-les-osanyn-bz-rashanda-matan-ttamyz-elmzd-rkendeu-zholynda-ataryp-z.html http://177.almatybala.kz/o-detskom-sade/590-szderd-7-mamyr-otan-oraushylar-kn-merekesmen-shyn-zhrekten-ttytajmyz-aa-rpa-pen-zhas-buynny-otanymyzdy-orap-yzmette-ajtuly-les-osanyn-bz-rashanda-matan-ttamyz-elmzd-rkendeu-zholynda-ataryp-z.html admin Tue, 06 May 2025 09:21:58 +0600 Сіздерді 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! "Балбөбек" тобы http://177.almatybala.kz/o-detskom-sade/589-szderd-7-mamyr-otan-oraushylar-kn-merekesmen-shyn-zhrekten-ttytajmyz-balbbek-toby.html http://177.almatybala.kz/o-detskom-sade/589-szderd-7-mamyr-otan-oraushylar-kn-merekesmen-shyn-zhrekten-ttytajmyz-balbbek-toby.html admin Tue, 06 May 2025 09:20:29 +0600