"Ойын арқылы оқыту"- біздің тәжірибе
«Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып оның шығармашылық қабілетін дамытады, ойынсыз ақыл-ойдың қалыптасуы мүмкін емес» В.А Сухомлинский. Жаңа қоғамға лайықты тұлғаны қалыптастыруда баланың жасын, даму ерекшелігін, айрықша қабілетін ескере отырып, ақыл-ой, еңбек, дене, эстетикалық тәрбие, сапасын жақсарту қажет. Баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа технологиялар қызықтырады. Бала тәрбиесінде жаңа технологияны қолдану – баланы жан− жақты терең ашуға, оған бағыт бағдар беріп жағымды әсер етуге, зейінін көтеруге, белсенділігін арттыруға септігін тигізеді. Мектеп жасына дейінгі балалар білуге тиісті қарапайым білім негіздерін неғұрлым тереңірек меңгеріп отырып олардың ой− өрісін, білім дағдысы деңгейін,кеңейту, сана сезімін, таным қабылдау әрекетін дамыту, білімге қызығушылыққа баулып, баланың өздігінен еңбектену белсенділігін қалыптастыру қажет.